Депутаттар Әбу-Дабидегі қонақ үйдің мейрамханасында төбелес шығарды

Ашық дереккөз

Қоғам
1988

Әбу-Дабиде «Грузияның арманы» атты Грузия партиясының екі депутаты мейрамханада өзге отандастарымен төбелес қалған, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

Екі депутат, яғни, Ираклий Заркуа мен Виктор Саникидзе Әбу-Дабиде демалып жатқан қонақ үйлерінің мейрамханасына барып, тамақ ішіп отырған. Жандарына тағы бір грузин келіп, оларды балағаттай бастаған. Дереккөзге сүйенсек, соңғы келген адам оппозиция өкілі. Олардың төбелескен видеосы әлеуметтік желілерде тарап кеткен.

Тбилиси мэрі Каха Каладзе бұл оқиғаға түсініктеме бере келе, ешкім ешкімді балағаттай алмайды деген. 

«Тамақ ішіп отырған біреуге келіп оны балағаттау - теріс. Мен үшін зорлық-зомбылықты ақтауға орын жоқ», – деді Каладзе.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...