Жеңіл көліктің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты

Фотосурет aikyn.kz сайтынан алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
5452

Өскемендегі Есенберлин даңғылының бойындағы теміржол көпірінің маңында жол апаты болды, – деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі aikyn.kz сілтеме жасап.

Оқиға бүгін, 20 маусым күні сағат 20:00 шамасында болған. КамАЗ бен Geely көліктерінің соқтығысуы салдарынан жеңіл көліктің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, жүргізуші түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жатқызылды.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құрметті көлік жүргізушілері, жолда жүру ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз!", – деді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Елде аптап ыстыққа шыдамай цементбетон жамылғысы бар тасжолдар көтеріліп кеткен. Көлік министрлігіні...

PESTEL

Угандада мектеп оқушыларын алып бара жатқан автобус жол апатына ұшырап, кемінде 21 адам, оның ішінде...