Қала әкімінің атынан хабарламалар таратқан

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
2662

Семей әкімі Нұрбол Нұрсағатов әлеуметтік желіде күтпеген мәлімдеме жасады. Шенеунік өзінің суреті қойылған қоңырауларға жауап бермеуді және ешкімге ақша аудармауды сұрады, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі kaz.tengrinews.kz сілтеме жасап.

Қала әкімінің айтуынша, WhatsApp мессенджерінде интернет алаяқтар оның атынан хабарламалар таратқан.

"Менің суретім қойылған жасырын нөмердегі хабарламаға сеніп ақша аудармауды, қоңырауға жауап бермеуді, күмәнді сілтемелерді ашпауды сұраймын.

Барлық хабарлама өзімнің жеке телефонымнан және ресми аккауынтымнан жіберіледі. Сондықтан телефон нөмері керсетілмеген немесе таныс емес хабарламаға жауап бермеуді сұраймын", - деп жазды Нұрсағатов Нұрбол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...