Танымал тележүргізуші Қымбат Досжан instagram парақшасында немерелі болғанын жазды. "Немере...
«Қанымызда этика бар»: Мөлдір Мұқанова қонақ күту мәдениеті туралы айтты
видеодан алынған скрин
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары, продюсер Мөлдір Мұқанова қонақ күту және қонаққа бару туралы пікір білдірді, деп хабарлады madeniportal.kz.
“Қонақ күтудің бір жазылмаған ережесі бар. Төріңнің жинақы әдемі болуы, шақырылған қонақ санына байланысты астың әдемі берілуі, көңілге жағымды әңгімелер айтылуы, үй иелерінің жайдары жүруі деген сияқты факторларды қонақжайлылық деп те атауға болатын шығар. Сол сияқты келетін қонақтың да жазылмаған ережесін, мәдениетін әр мейман сезіне алады. Шүкір, қанымызда бар этикамыз бар”, – деп жазды продюсер.
Оның айтуынша, келген қонақ үй иесін сыйлап, көтеріңкі көңіл күйде келуге міндетті. Ал келе алмайтын болса, алдын ала ескерту қажет.
“Қонақ күту – шақырған үй иесіне де, шақырылған мейманға да сын. Әрине, көп күш жұмсалатыны – үй иесінің еңбегі, қаражаты, энергиясы. Шақырылған қонақтың барлығының келгенін қалайды, қонақтар санына байланысты сый-сияпатын да сатып алып, дайындап қояды. Қонағың жақсы отырып, жақсы эмоциямен, көңілді тараса, бұл барлық еңбегіңнің қайтқаны іспетті. Сондықтан сыйлап төріне шақырған жерден қалмайық, әлде бір себептермен бара алмайтын болсаңыз, міндетті түрде ескертіңіз. Үй иесі мүмкін сіздің орныңызға сыйғыза алмаған тағы бір жақсы адамын шақырып жіберер немесе артық шығындалмай дастархан көлемін ыңғайластырар деп ойлаймын”, – деді Мөлдір Мұқанова.