«Күнделік» жүйесіндегі ұятсыз жарнамаларға қатысты вице-министр жауап берді, деп хабарла...
Головкиннің 20 миллионнан аса айлық алатыны рас па?
Фотосурет qaz365.kz сайтынан алынды
«Головкин 25 миллион жалақы алады» деген ақпараттан кейін комитет журналист Жылқышыбайды сотқа бермекші. Жылқышыбай Головкинді сұхбатқа шақыратынын айтты, деп жазады madeniportal.kz тілшісі qaz365.kz сілтеме жасап.
Журналист Нұрсейіт Жылқышбай «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевтан сұхбат алған. Әңгіме барысында Ұлттық Олимпиада комитетінің президентінің жалақысы сөз болған. Бүгін осыған қатысты комитет өкілдері сұхбат алушыны сотқа береміз деп қорқытқан.
«Нақты білмеймін. Бірақ 20-25 миллион теңге көлемінде жалақы алады деп естідім», - дейді Бақтияр Артаев «Уақыт көрсетеді бағдарламасында.
Енді бүгін осы ақпаратты таратқандарға Ұлттық олимпиада комитетінің құқықтық қамтамасыз ету қызметінің өкілі ескерту жасаған.
«Мені сотқа тарпақшы екен. Бірақ кім екені түсініксіз. Бүгін бір нөмірден төмендегідей маған хат келді. Скринді салмай-ақ қояйын. Хат авторы өзін Ұлттық олимпиада комитетінің құқықтық қамтамасыз ету қызметінің басшысымын деп таныстырады. Ол кісінің аты-жөні жоқ па? Бұндай хат мөр мен қол қойылып жібермеуші ме еді? Әлде аты дардай үлкен комитеттің журналистермен коммуникациясының деңгейі осы ма? Бәлкім менікі теріс, мүмкін Ұлттық олимпиадалық комитеттің атын жамылған көшеде жүрген біреулер шығар. Шын комитеттің адамы болса атын айтып адам сияқты хабарласып ресми қағаз жіберуі тиіс қой. Мәселе мынада Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаев комитет басшысы Г. Головкин 20 млн аса айлық алатыны рас па деген сұрақ қойдым. Бақтияр «Ол жағын нақты білмеймін. Бірақ естуім бар осы әңгімені» дейді», - дейді Нұрсейіт Жылқышыбай.
Ол осы ретте Геннадий Головкинді сұхбатқа шақыратынын айтты.
Ал Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Жанар Өтешова Артаевтың жала жапқанын айтып, Головкиннің аталған лауазымда мүлдем жалақы алмайтынын мәлімдеді. Ал жалған ақпарат таратқан экс-боксшыны енді сотқа сүйреуі мүмкін екенін жеткізді.
«ҰОК президентіне ешқандай жалақы қарастырылмаған, ол ерікті ретінде тегін жұмыс істейді. Президенттікке кіріскенде Геннадий Геннадьевич бірден ҰОК-тің мемлекеттік бюджетпен жұмыс істемейтінін ашық айтты», - деп жазды Өтешова өзінің Instagram-парақшасында.
Оның айтуынша, Ұлттық Олимпиада комитеті қазір білікті заңгерлер жалдап, аталған мәселені сот арқылы шешпекші екен.