Петропавл қаласындағы көпқабатты үйден өрт шықты, деп хабарлады madeniportal.kz ТЖМ-ге сілтеме...
«Өмірден түңіліп кеттім»: Ауыр атлет Алмас Өтешов өз-өзіне қол жұмсамақ болған
видеодан алынған скрин
Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов суицид жасамақ болғанын мойындады, деп хабарлады
Бұл туралы ол "Уақыт көрсетеді" Youtube-жобасының авторына берген сұхбатында айтқан.
"Негізі жан беру деген оңай емес екен. Өмірден түңіліп кеттім. Мен өз-өзімді дарға астым. Мемлекет сыйлаған 2 бөлмелі үйде болдым, ажырасқан уақытым еді, үйде менен басқа ешкім жоқ. Келіншегім кетіп қалған. Бірінші базарға барып арқан сатып алдым. Интернеттен қалай дарға асу керегін көрдім. Ваннадағы төбеге жіпті байлап, бәрін дайындадым да, ғұсыл дәрет алдым. Алладан кешірім сұрадым, арқанды мойныма салған бойда, отыра қалдым. Арқан мойнымды қысқан кезде бұтыма жіберіп қойдым. Оңай емес екен... Бір уақытта аяғымның ұшы жерге тигенін сездім, жұлқынып, арқанды мойнымнан шешім тастадым. Тер деген бұрқ ете қалды. "Астағфируллах, астағфируллах, о құдайым, кешірге гөр, кешіре гөр" деп отырдым. Құдай сақтасын, енді мұндай іс-әрекетке бармаймын", - деді ол.