«Ішімізде бітеу жара бар»: Жанар Айжанова марқұм күйеуін есіне алды

Ашық дереккөзден алынған

Қоғам
2847

Әнші Жанар Айжанова марқұм жолдасына қатысты әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

“Айжұлдыздың папасымен түскен суретіміз барлық жерде жүр екен. Мен де біреуін қосайын. Мына сурет күйеуім қайтыс боларынан бір күн бұрын сыныптастарымен бірге болған күнімізде түсірілген. Маған өзі қолқа салып, “Кешікпей келем деп ең, мен тұрмын елеңдеумен” деген Шәмшінің әнін айтқызды. Өзі де қосылып отырды. Құрдастары сен де әнші болып кетпе деп қалжыңдаған еді. Көңілді кеш болып, тарқастық. Ертеңіне қазір келем деп кеткен еді, содан оралмады. Елеңдеумен қала бердім. Қайғысыз адам, күйесіз қазан жоқ” деген осы шығар?! Сыртымыздан қараған адамға маңдайымызға шаң тимегендей көрінетін шығармыз. Жатыр ғой бітеу жара ішімізде”, – деп жазды әнші. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда қаласындағы №375 референдум учаскесінде көпшіліктің назарын аударған ерекше әрі тағылымды...

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...