Кәмелетке толмағандарды қорқытып, ақша бопсалаған

Фотосурет stan.kz сайтынан алынды

Қоғам
2414

Ішкі істер министрлігі жастар арасында бопсалаумен айналысқан бірнеше топ мүшелерін ұстады, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі stan.kz сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі топтық бопсалау қылмыстарын анықтау және олардың жолын кесу бойынша жұмысты жүйелі түрде жүргізіп келеді. Әсіресе, жастар арасындағы пайдакүнемдік пиғылмен ғана емес, сонымен қатар ерекше дөрекілікпен, менмендікпен жасалатын, кейде қоғамдық резонанс тудыратын жағдайлар ерекше бақылауда екенін мәлімдеді. 

“Ұлытау облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 18-20 жас аралығындағы жастар тобын ұстады. Олар жергілікті колледждің кәмелетке толмаған студенттерін қорқытып, ақша бопсалаған. Күдіктілер өзгелерді қорқыту және өздерінің басымдығын көрсету үшін зорлық-зомбылық әрекеттерін бейнежазбаға түсірген. Бопсалау және бұзақылық деректері бойынша қылмыстық істер сотқа жолданды”, – деліген хабарламада.

Павлодар облысының полиция департаменті мамыр айында өзгелерді бопсалап, ақша алған тағы бір ұйымдасқан топты әшкереледі. Топ мүшелерінің осындай 10 дерекке қатысы бары анықталды. Олар жәбірленушілерді қорқытып, 2 миллион теңгеге дейін алған. Жәбірленушілер қылмыскерлерден қорқып, құқық қорғау органдарына жүгінбеген. Салдарынан қорлық пен соққыға шыдамаған 22 жастағы жәбірленуші өзін-өзі өлтірмек болған.

“Топ мүшелерін ұстау кезінде олардан травматикалық және суық қару, сондай-ақ синтетикалық есірткі тәркіленді. Барлық күдікті қамауға алынды. Жәбірленушілерге қатысты қауіпсіздік шаралары қабылданды. Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үлкен Алматы шыңында 3680 метр биіктікте 2005–2006 жылы туған үш жас таудан өздігінен түсе алм...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...