«Ломбардқа өткізгім келді»: Назым Қызайбай алғаш медаль алған сәтін еске алды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
2672

Париж Олимпиадасының жүлдегері Назым Қызайбай «Сырласу» бағдарламасында алғашқы жүлдесі туралы айтты, деп хабарлады madeniportal.kz.

Ол алғашқы медалін сатып жібергісі келгенін жеткізді.

«Алғашқы медалімді Қазақстан чемпионатында Ермахан Ибрагимов таққан болатын. Сол кезде Ермахан ағамен суретке түсіп, ең бірінші жеңісім осындай. Бізге медаль табысталатын уақытта оны алтын деп береді ғой, не дегенімен, бірінші орын. Мен оны тағып алып, алтын деп ойлап тұрмын, негізі шынымен алтын екенін ол кезде білмедім. Содан «мынаны ломбардқа өткізіп, ақшасын үйге берсем»  деген ой келді. Көмектескім келді. Медальдің құны алтындай болды. Сол кезде көзге көріндім. Сөйтіп, уақытымнан бұрын әйелдер арасында жұдырықтаса бастадым. Кейінірек бір жиынға бас бапкер мені басқа қыздар келмей қалғандықтан олардың орнына шақырды. Ол кезде өзімді көрсету үшін жүгіретінмін. 2010 жылы Қазақстан бойынша әйелдер арасындағы чемпион болдым, содан кейін құрама қатарына қосылдым» , - деді Назым Қызайбай.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтау қаласында төрт баланың анасы күйеуінің соққыға жығып, қолын сындырғанын айтып, көмек сұраған,...

АЙМАҚТАР

Ар-ождан бостандығы ата Заңымызбен кепілдік берілген ажырамас құқық. Алайда бұл қасиетті ұғымды кейб...