Науқасты ажалдан арашалап қалды

Фотосурет kaz.inform.kz сайтынан алынды

Қоғам
2057

Алматы облысы Талғар ауданының жедел жәрдем дәрігерлері жүрегі тоқтап қалған науқасты ажалдан арашалап қалды, деп жазады madeniportal.kz тілшісі kaz.inform.kz сілтеме жасап.

Талғар ауданындағы 17/20 бригадасы шақыртуға шықты. Науқастың үйіне 10 минутта жеткен жедел жәрдем қызметкерлері ес-түссіз жатқан зейнеткерге бірден медициналық көмек көрсетті.

«78 жастағы әжей есінен танып құлаған. Мен келсем науқастың ұлы анасының өкпесін басып, жүрек массажын жасап жатыр екен. Тамырдың соғуын ұйқы артериясынан ұстап қарасам соқпай тұр. Дереу хаттама бойынша алғашқы көмек көрсетуге кірістім» - дейді 17/20 бригадасының фельдшері Жанар Кенжебекова. 

Медициналық шаралардан кейін ағзаның өмірлік функциялары қайта қалпына келген. Көп ұзамай жасы 80-ге таяп қалған әжей көзін ашып, өзі демала бастады. 

Қосымша тағы 17/6 бригадасы шақыртылып, науқас Талғар орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...