«Отбасына жете алмай қалғандар»: Ләйлә Сұлтанқызы Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты жазба қалдырды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
2024

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты ойын айтты, деп хабарлады madeniportal.kz.

Тележүргізуші апаттан зардап шеккен отбасылардың хал жағдайын айтты. Сонымен қатар, арнайы комиссия құрылып оның басшысы болып Қанат Бозымбаев тағайындалғанын жеткізді.

«Біреу үйіне жаңа жылды қарсы алуға бара жатты,
Біреуді жұмысына анасы шығарып салды,
Біреу саяхаттап шыққан шығар,
Біреу ғашығына асықса ше?
Біреуді достары күткен болар…
Біреу ата-анасына, бала-шағасына, жарына жете алмай қалды-ау… «Ажал айтып келмейді» дейміз ғой, бірақ жақынын жоғалтқан адамды ештеңе қазір жұбатпайды. Өте үлкен психологиялық көмек қажет. 67 тағдыр… Қазір құтқарушылар, дәрігерлер қолдан келгенше көмек беруде. @tokayev_online тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Оны Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады. Президент Астанадан Ақтауға дәрігерлерді жіберіп, зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті көрсетуге тапсырма берді. UPD: 2 бала, 26 ересек адам аман қалған», - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда дауыс бер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда қаласындағы №375 референдум учаскесінде көпшіліктің назарын аударған ерекше әрі тағылымды...