Алматыда «ақша бопсалады» деген айыппен екі блогер ұсталды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2195

Ішкі істер министрлігі екі блогердің ұсталған сәтінен видео жариялады, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша кәсіпкер мен екі блогерді ұстағаны жөнінде ақпарат таратты.

Күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсетіп, 8 миллион теңге бопсалаған. Сондай-ақ олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 миллион теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған, – дейді ресми нұсқада ІІМ.

Полиция ұсталғандарды “қаскөйлер” деп атап, олар “10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды” деп ақпарат таратты. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты резонансты сот процесі жалғасып жатыр. 7 тамы...

СПОРТ

Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев Халықаралық зағиптар спорт фед...