Педофилдер мен террористерге Қазақстанға кіруіне тыйым салынады

Қоғам
2216

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң екінші оқылымда қаралып, қабылданды,-деп хабарлайды madeniportal.kz.

Аталған заң аясында кәмелетке толмағандарды жыныстық қатынасқа итермелеген, осындай әрекеті  үшін сотталған шетелдіктердің Қазақстанға кіруіне және ел азаматтығын алуға шектеу қою ұсынылды.
Сонымен қатар құжатта экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктерге елге кіруге тыйым салынады.

Айта кетейік, халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заң жобасы бірінші оқылымда 2022 жылдың сәуірінде мақұлданған болатын. Халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы заңды екінші оқылымда қабылдады.

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...