Қазақстанның Ішкі істер министрлігі WhatsApp мессенджері арқылы тараған жалған полицейлер туралы ақп...
«10 жастағы балалар онлайн казино ойнайды»: Қазақстандық лудомандар құмар ойындарына пәтер құнынан артық ақшасын қалдырады
Сурет ашық дереккөзден алынды
Елімізде миллиондаған қарыздарымен айналасындағылардың бәрін – ата-аналарын, жұбайларын, балаларын тәуелділіктің түбіне сүйрейтін лудомандардың саны артып келеді, деп хабарлады madeniportal.kz.
Онлайн-казиноның қол жетімділігі лудоманияның тез жайылуына және жасөспірімдер арасында белең алуына алып келген. Бұл туралы AIRAN каналында бұрынғы лудомандар өздерінің тәуелдігінің кесірінен тап болған жағдайларын баяндады.
«Футболға ставка қойып, 90 минут күтесің. Ал онлайн казинода екі минутта жеткілікті. Сондықтан да көбіне лудомания осындан басталады. Ол жерде 10 жастан бастап 25 жасқа дейінгі жасөспірімдер отырады. Оның ең бір қорқыныштысы 10 жастағы балалар да оп-оңай тіркеле алады. Ұялы байланыс теңгерімін толтыру арқылы ойын ойнауға болады. Ешқандай идентификация қажет емес. Онлайн казиноның жарнамасы туралы айтып та керек емес. Ол барлық жерде. Интернетте фильм қарасақ та, телеграм каналдарда рассылка болып жүреді», - деді Ерік Жанділда.
Ерік бұрынғы ойыншы екенін де жасырмайды. Ер адам 11 жасынан бастап букмекерлік кеңселерге ақша сала бастаған, ал жақын адамы оны "мұнда сіз өз ақшаңызды таба аласың"деген сөздермен әкелген.