Ақтау әкімі Ұлықбек Тналиев суреті мен аты-жөнін пайдаланған алаяқтарды сотқа беретінін айтып, облыс...
Семейде сотталған әйел тоқыма үйірмесін ашты
Сурет: polisia.kz
Семейде сотталған әйел тоқыма үйірмесін ашты, деп хабарлайды madeniportal.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысының 57 жастағы тұрғыны WhatsApp қосымшасында Cash Flow тобын құрып, басқарған. Ол топқа жарнамалар жіберіп, ондағы шарттарды түсіндіріп, инвесторлар салған және алған қаражат туралы есептерді құрастырды. Осылайша, салымшы топқа жарнамада, хабарландыруларда немесе басқа жіберулерде көрсетілген шақыру сілтемесі арқылы қосылды. Бағдарламалармен және шарттармен танысқаннан кейін жоба жетекшісі ұсынған жобаларға қаражат аударды.
WhatsApp қосымшасында тікелей смс хат жазу арқылы 20 мыңнан үш миллионға дейін ақша аударылғаны туралы түбіртек жіберген. Осылайша, әйел Өскемен қаласының 43 тұрғынын жалпы сомасы 17 миллион теңгеге алдап кеткен.
Сот оны жеті жыл мерзімге коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айыра отырып, бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім етті.
Қазір сотталған жазасын Семей қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтеп жатыр.
Тоқу әдістерін анамнан үйрендім, бостандықта жүргенде балаларым мен немерелерім үшін тоқыма бұйымдарын тоқып жүрдім. Мен осында жүргенде сүйікті ісімнен бастартпадым, басында өзім үшін тоқыма жасадым, басқа сотталған әйелдер менің жұмысымды көргенде оларғада үйретуімді өтінді, сол себепті бір ай бұрын тоқу үйірмесін аштым. Қазір менде алты оқушы бар, біз өз туындыларымызды туыстарымыз арқылы сатуға береміз, оларды жергілікті тұрғындар жақсы сатып алады. Қазір сонда жүріп өзімнің сүйікті ісіммен айналысып, өз қолыммен, адал еңбекпен ақша табудың көптеген жолдары бар екенін түсіндім. Екі жылдан кейін бостандықтан шыққаннан соң қолым бос кезде не істейтінімді нақты білемін, – деп бөлісті сотталған.