Ақтауда жасөспірімдер төбелесіп, ата-аналары жазаланды

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2870

Ақтау қаласының 3-шағынауданындағы 57-үй маңында болған жасөспірімдер арасындағы жанжалға байланысты олардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды madeniportal.kz el.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Ақтау қаласы ПБ қызметкерлері балалардың жеке басын анықтап, ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша хаттама толтырды. Сонымен қатар, осы оқиғаны ұялы телефонға түсірген жасөспірімнің ата-анасы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері ата-аналарды балаларын қадағалауға және олардың тәртібіне назар аударуға шақырады. Мұндай жағдайлар қоғамда теріс әсер тудыратынын ескере отырып, ата-аналарға балаларымен профилактикалық әңгімелер жүргізу маңызды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Арман Исагалиев Қазақстан Республикасы сыртқы істер минист...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...