Семейде жеңіл көлік Ертіс өзеніне құлап кетті

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
2146

Семейде жарыс кезінде Ертіс өзеніне көлік құлап кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша көлік ішінде төрт адам болған, деп хабарлады madeniportal.kz Azattyq Rýhy  ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға Семей қаласы Полковничий аралы  ауданында болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, көлік ішінде төрт адам болған. Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жіберілді. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын еске салады және барлық азаматтарды мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады», - делінген хабарламада.

Шоу-бизнес

Танымал қазақстандық эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаева отбасында дүркіретіп той жасады, деп хабарлад...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Арман Исагалиев Қазақстан Республикасы сыртқы істер минист...