Еріктілер елге көмекке келді

Фото ашық дереккөзден

Қоғам
122

Тәуелсіз еліміздің республикалық еріктілер штабында жастардан жасақталған ұйым басшылары жиналды. Олар бүгінде Қазақстанның едәуір бөлігіне жайылып кеткен су тасқынына қарсы қандай қарекет қылудың амалын қарастырды. Әлденеше мыңнан асатын еріктілер республикамыздың бүкіл өңірлерінде су шайып кеткен елді мекендердің тұрғындарына жәрдем жасауда. Олар жапа шеккен адамдарды көшіру, халықтан гуманитарлық көмек жинастырумен және оларды мұқтаж жандарға таратумен және үлестіру, құтқарушыларға көмек көрсетумен айналысады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Еліміздегі іргелі саяси ұйым – «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек су тасқынкөктемгі су басу тарала басталғаннан бері партия өкілдері мен «Жастар Рухының» мүшелері айтып келмейтін апаттан жапа көрген жандарға жәрдем беріп келе жатқанын айтты.

«Қазақстан Республикасның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі осынау қысылтаяң кезде әрбір адамның өз Отанына, туған өлкесіне деген шынайы азаматтық көзқарасы нақты істермен дәлелденіп жатқанын айтты. Мемлекет басшысы табиғи апатқа қарсы күресуге шақырғаннан кейін республикамыздың әр өңірлерінен еріктілер су басқан ауылдар мен қалаларға жол тартты. Себебі – ынтымағы жарасқан, ауызбіршілігі мығым ел ішінде сенікі-менікі деген жоқ, мұның бәрі тұтас Қазақстан халқының басына түскен уақытша қиындықтар, соны бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлесіп еңсергеніміз дұрыс. Еріктілер гуманитарлық жәрдемдер әкеліп, су жағаларын бекітіп, бөгеттер салып, құтқарушыларға ас-су тасуды белсенді ұйымдастырып жатыр. Қазіргі күні еріктілер қозғалысы еліміздегі аса қуатты қоғамдық күшке айналғаны анық», – дейді партияның Атқарушы хатшысы.

Дәулет Кәрібек  саяси ұйымның жергілікті жерлердегі филиалдары қасынан гуманитарлық жәрдемді қабылдау орындары жұмыс істейтінін жеткізді. Бұл пунктерге бір айдың шамасында төрт мыңнан астам киім-кешек, азық-түлік, құрылыс материалдарын, гигиеналық керек-жарақтар мен басқа да керек нәрселер жиналған. Ал Атырау қаласында партияның мұрындық болуымен қашықтығы  22 километрге жететін бөгет құрылысы салынып бітіп қалды. Бұл жұмыстарға 1,5 мыңға жуық адам мен 100-ден астам техника жұмылдырылылған. Бөгеттің биіктігін 6 метрге көтеру жұмыстары жасалып жатыр.

Баршаңызға мәлім, 7 сәуір күні ҚР Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мырзаның мұрындық болуымен су тасқынымен күрес шаралары шеңберінде Республикалық еріктілер штабы құрылған болатын. Бұл ұйымға Қазақстандағы көптеген ірі жастар бірлестіктері мен қоғамдық қорлары бірікті. Аталған істерді саяси партияның жанынан құрылған «Жастар Рухы» жастар қанаты үйлестіруді өз жауапкершілігіне алды.

«Қазіргі күні бұл ұйымдардың елу мыңнан астам мүшесі мен еріктілер су тасқынынан зардап көрген адамдарға жәрдемдесуде. Құтқарушылардан қалыспай әрекет етіп жүрген жастар қатары күн сайын молығып, көбейіп келеді. Еріктілер жергілікті атқарушы билікпен қоян-қолтық жұмыс істеп жатыр. Ең бастысы – жапа шеккен жандарға неғұрылым жедел әрі нақтылы жәрдемдесу қажет», – дейді «Жастар Рухы» жастар қанатының төрайымы А. Ескендерова.

«Жастар Рухы» жастар қанатының төрайымы жапа шеккен жандардың апат кезінде жоғалтып алған құжаттарын рәсімдеуге, сондай-ақ олардың өтемақы алу үшін өтініш жазуларына көмектесетінін де айтты. Мәселен, осы бағытта саяси ұйымның «Құқықтық көмек» жобасын жүзеге асырылып жатыр. «AMANAT» партиясының жер-жерлердегі қоғамдық қабылдау орындары еліміздің солтүстік аймақтарындағы эвакуациялау пункттерінде әлденеше рет көшпелі қабылдау шараларын ұйымдастырды. Осы шаралардың шеңберінде мыңнан астам кісі құқықтық кеңестер алды.

Осы ған орай «Қазақстан Жастар Конгресінің» атқарушы директоры Б. Жанділдаев төтенше жағдай кезеңінде еріктілер мен жергілікті мемлекеттік билік өзара іс-қимыл алгоритмін дайындау жөнінде мәселе көтерді.

Сондай-ақ су тасқына қарсы күресуге Қазақстан студенттері Альянсы,

«Медицина жастары», «Ассамблея жастары» ұйымдары, Ұлттық еріктілер желісі, «Dauletten qory» қайырымдылық қоры, «Ауыл» ХДПП «Ауыл жастары» жастар қанаты, ҚРКФ жанындағы «КЕЛЕШЕК» республикалық жастар кеңесі, «Biz Birgemiz» қоры өкілдері жұмылдырылған.

Спорт

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының жартылай финалына ш...

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...