«Таптым-ау сені»: Жақында ажырасқан шоумен қайта үйленбекші

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
3079

Танымал блогер көпшіліктен екінші рет шаңырақ көтерінін айтып, сүйінші сұрады, деп хабарлады madeniportal.kz.

Қажылыққа аттанған шоумен Мекке қаласынан жақсы жаңалығын айтып бөлісті.

«Love story мен неке қию рәсімі өтетін мекен белгілі болды. Таптым-ау, сені. Алланың қалауымен жүректер тыныштық табатын мекенге қайта келдім. Жаңбыр жауғанда дұғалар сөзсіз қабыл болады дейді. Жүрегімдегі барлық нәрсені айтып ерекше сезімде болдым. Түрлі сынақ келсе де мойымайтын мінез, жалғызсырамайтын жүрек бергеніне шүкір дейін. Дұғамды айтып жатқанда шынайы бақытты сезіндім, жүрекпен қабылдаған шешімнің барлығы Алланың қалауы екеніне көзім жетті. Кейде бізге ұнамайтын нәрселерге сабыр етсек, артында үлкен сый жататынын осында ұғындым», – деп жазды блогер Нұрсұлтан Жақсыген.

 

Айта кетсек, шоумен Нұрсұлтан Жақсыген бірінші әйелімен заңды түрде ажырасқан болатын, Оның себебі келіннің ата-енесін құрметтемеуі деп айтқан болатын. Қазір блогердің бірінші отбасынан екі баласы бар.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...