«Ұлының соңынан қалмайды»: Елдос Сметов анасын сынағандарға жауап берді

Сурет: https://inbusiness.kz

Қоғам
486

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов анасына байланысты өзін сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Дзюдошы бұл жөнінде Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметіне берген сұхбатында айтты.

«Әлеуметтік желіні қарамайын десем де, қарап қоямын. Қазір Олимпиада чемпионы болдым, енді осыдан кейін ешнәрсе жазбайтын шығар деп ойлап едім. Бірақ тоқтайтын емес, әлі де жазып жатыр. Менің жүріс-тұрысым, келіншегім алда келе жатыр ма, артта келе жатыр ма, жанында анасы келе жатыр ма, әлде басқасы. Енді мен қалай шығайын, не қалай шықпайын, ол менің қуанышым!» – дейді ол.

Айта кетейік, қазақстандықтар Елдос Сметов елге келгеннен бері оның жанынан әйелі емес, анасының қолтықтап жүргенін сынға алған.

«Келініне орын бермей ме, өзі қолтықтап жүр баласын». «Анасы әкесімен артта тұрып, ұлының қасына әйелін жіберуі керек еді». «Жағаласып, ұлының соңынан қалмайды екен». «Осы кісінің туғаны белгілі ғой, бірақ жұрттың алдында осылай жағаласып жүргені ұят». «Осындай енеге шыдап жүрген келінге халықтың атынан алтын медаль тағайық». «Тіпті, Димаштың анасы жанында жүрмейді», - деп желі қолданушылары сынға алды.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...