Ұлы мен інісінен айырылған Қаржаубай Нұрымовты полиция ұстап әкетті

Фото: КазТаг

Қоғам
2241

10 желтоқсанда сағат 15:30-да Алматы облысы Азат ауылында жерлеу рәсімінде қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың, оның ішінде кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген оқиға болды, деп хабарлайды madeniportal.kz malim.kz  сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов прокурордың заңдылықты сақтау туралы түсіндірмелерін елеместен, өзін өте агрессивті ұстаған, айналасындағыларға қауіп төндіріп, суицид жасаймын деп қорқытқан.

Азамат Н. прокурордың заңдылықты сақтау туралы түсіндірмелерін елеместен, өзін өте агрессивті ұстай бастады, айналасындағыларға қауіп төндіріп, суицид жасаймын деп қорқытты. Сондай-ақ, полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады. Оның мінез-құлқы өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндірді. Азамат Н. жағдайына алаңдаған туыстары мен адвокаттарының өтініші бойынша оның өмірі мен айналасындағылардың өміріне зиян келтірмеу мақсатында полиция қызметкерлері оны ұстау үшін шаралар қабылдады. Азамат Н. ең аз қажеттілік күшпен құрықталды. Қазіргі уақытта ол полиция бөліміне жеткізілді, онымен психологтар жұмыс істеп жатыр,- деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.

Полицейлер жағдайды тұрақтандыру жұмыстарын жалғастырып, азаматтарды сабырға шақырып жатыр.

 


 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін таңертеңнен бастап Алматыдағы №383 референдум учаскесінде ел үшін маңызды оқиғаға қатысқысы ке...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда таңнан бастап дауыс...