Фотосессия жасау кезінде абайсызда өзенге құлаған

Фотосурет qaz365.kz сайтынан алынды

Қоғам
2865

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылары 16 жастағы қызды іздеп жатыр, деп хабарлайды  madeniportal.kz тілшісі qaz365.kz сілтеме жасап.

 Департамент мәліметінше, 28 шілдеде сағат 10:41-де Түркістан облысы ТЖД кезекші пультіне "Сайрам-Өгем" аумағына Қасқасу ауылынан 15 шақырым қашықта, Сайрам-су таулы өзенінде сағат 10:00-де қыз суға батып кеткені туралы ақпарат түскен. Достарының айтуынша, ол фотосессия жасау кезінде абайсызда өзенге құлаған.

Іздестіру құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 37 қызметкері, 1 жүзу құралы және 4 техникасы, Түркістан облысы ПД 6 қызметкері және 3 техникасы, жергілікті атқарушы органдардан 11 қызметкер жұмылдырылды.

"Түркістан облысының ТЖД азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады", - деп жазылған хабарламада.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтау қаласында төрт баланың анасы күйеуінің соққыға жығып, қолын сындырғанын айтып, көмек сұраған,...

АЙМАҚТАР

Ар-ождан бостандығы ата Заңымызбен кепілдік берілген ажырамас құқық. Алайда бұл қасиетті ұғымды кейб...