Университет тым қатал талап қоюда

Фотосурет stan.kz сайтынан алынды

Қоғам
901

Алматыда NARXOZ университетінде ата-аналар 800 баланы ағылшын тілін білмегені үшін бір сәтте оқудан шығаратынына наразылық білдірді. Айтуларынша математикаға басымдылық берген студенттерді ағылшын тілінен емтиханнан құлатқан, деп жазады madeniportal.kz тілшісі stan.kz сілтеме жасап.

Мұнда көбісі ІТ саласында жұмыс істеп немесе программист боламын деп оқуға түскен екен.

“Пәндердің бәрі ағылшын тілінде жүрейін деп жатыр ғой. Сондықтан бұлар ағылшын тілін белгілі бір деңгейде білу міндетті екен. Бірақ толық ақпарат болмағандықтан, естімеген. 800 бала өтпеген. Басқа пәндерінің GPA жақсы, жана көрдік. Үлгерімі өте жақсы. Тек қана ағылшын тілі курсы, ұстап тұрған”, – деді ата-ана Айжан Бекетова. 

Бұған дейін бірінші курс студенттері бір жыл бойы негізгі пәндерден бөлек, арнайы ағылшын курсын оқыған екен. Оқу жылының соңында шет тілінен екі рет емтихан тапсырған. Бірақ басым бөлігі қажетті балл жинай алма қалған. Студенттердің шет тілін үйренуден қарсылығы жоқ. Алайда олар университеттің оқыту бағдарламасына көңілдері толмайтынын жеткізді.

“Маған 89 балл алды деді. Бірақ мен ол балды білу үшін деканатқа келіп сұрауым керек. Неге олар бізге жіберілмей, жазылмайды, неге айтылмайды, неге қолымызға қағаз берілмейді? Мына жері қате дегендей. Неге біз білмейміз? Кейбір бала ағылшын тілін мүлдем білмейді. Олар А0 деңгейінен бастады. Жыл аяғында олар А2 деңгейін бітірді. А2-ні бітірсе, В1 деңгейін білу мүмкін емес, негізі”,- деді студент Елжан Нұрғаев.

Ата-аналардың айтуынша университет тым қатал талап қоюда.

“Қазақстанда тұрып жатырмыз, шетелде емес. Соның өзінде шетелде бір жыл фоундейшн береді, тілді оқытуға. Ал бізге бір жылда "профессионал керек" дейді. Оқыған жоқ, ондайды. Балаларға қиын болды ғой. Қазір енді далаға лақтырып тастайын деп тұр”, – деді ата-ана Мейрамгүл Беген.

Алайда университеттегілер мұның бәрін жоққа шығарды. Айтуларынша ағылшын тіліне бола биыл ешкім оқудан шығарылмайды екен. 

“Оқудан шығарылмайды. Келесі жылы, мысалы, қайтадан мүмкіндік береді. Қайтадан шетел тілін өтеді. Мемлекеттік грантқа ол ешқандай әсер етіп жатқан жоқ. Екіншіден, студенттердің үлгеріміне солардың жабылмаған сабақтары әсер етеді. Ол соған байланысты. Біріншіден, дискрет математика мен математикалық талдау. — Ал екінші курста өте алмай қалса, оны көре жатармыз, бір жылдан кейін”, – деді Narxoz университеті тіркеуші кеңсесінің басшысы Бахыт Амансейікова. 

Narxoz университетіне былтыр 3 мың 700 бала оқуға түскен.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...