Қазақстандағы тойлардың бірінде LRT құрылысы қашан аяқталатыны айтылды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
550

Тойда LRT құрылысымен айналысатынын айтқан жігіт жұртты күлкіге қарқ қылды, деп хабарлады madeniportal.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Асаба Жүсіп Азаттың Instagram парақшасында өзі жүргізген тойлардың бірінен үзінді салған. Ол ортаға шыққан қонақтан не жұмыс істейтінін сұраған. Қонақ LRT құрылысымен айналысатынын айтады.

«Ұсталдың ба, LRT қашан бітеді?» деп сұрайды асаба, ал қонақ жігіт «бір Алла біледі» деп жауап берген. Тойда отырған көпшілік ду күліп, қол шапалақтады.

«Бала жұмыста барма екен енді бүгін», «ойланбай айта салған сияқты гой», «жұмыстан шығарып жіберген болар», «қарап тұрсаң күлетіндей де жағдай емес», деген пікірлер жазған желі қолданушылар.

Айта кетсек, жемқорлықпен аты шыққан Астанадағы LRT құрлысының тіректері арада 13 жыл өткенде 2024 жылы салынып бітті.

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамп Наурыз мейрамын тойлайтын жандарға жылы лебізін білдірді, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда 8 наурызда сауда орталықтарының бірінде оқушылар 1 қыщға жабылып, ұрып-соққан, деп хабарлай...