Астанада қонақүйден өрт шықты, деп хабарлады madeniportal.kz Ulysmedia.kz сайтына сілте...
«Ыстық сумен күйдірді»: Тағы бір қазақстандық әйел қорлық көргенін айтты (ВИДЕО)
Сурет Instagram желісінен алынды
Әлеуметтік желіде Бикия Макишева есімді келіншек 5 жылдан бері бұрынғы күйеуінен озбырлық көргенін және бұған қатысты құқық қорғау органдары тиісті шаралар жүргізбей жатқанын жеткізді, деп хабарлады madeniportal.kz.
Instagram желісінде қорлық көрген тағы бір қазақстандық әйел Президентке үндеу жасады.
«Мен көп жылдар бойы бұрынғы азаматтық күйеуім Дё Дмитрийден қорлық көруге мәжбүр болдым. Дмитрий мені ұрып қана қоймай, нағыз садисттік әрекет көрсетті: мұрнымды сындырды, қол-аяғымды байлап, қайнаған сумен күйдірді», - деп жазады жәбірленуші Макишева Бикия әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бикия Макишеваның бұрынғы азаматтық күйеуі сот процесінде қызын өзін алып қалу мақсатында жалған деректер жасатқан. Атап айтқанда, «Келешек» орталығынан алынған психологиялық анықтамада әйелінің мінезі ауыр және қызы анасының есімін естігінде құлағын жауып қашады делінген. Алайда бұл сараптаманы сотта растамаған.
«Сот процесі Дмитрийдің талаптарын қанағаттандырып қызымды соған беріп қоюға қорқамын. Оған қызы қажет емес, ол оған ешқашан қамқорлық жасамады және оны тәрбиелеу мен бағып-қағуға қатыспады. Оған қызым мені қорқыту үшін кепіл ретінде ғана қажет. Мен өз ісіме назар аударып, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз етуді сұраймын», - делінген Бикия Макишеваның Президентке жасаған үндеуінде.