Алматы қаласында әскери қызметші тапаншаны пайдалану кезінде абайсызда оқ тиген, деп хабарлады maden...
Адам сүйектері үш жасар қызға тиесілі боп шықты
Фотосурет stan.kz сайтынан алынды
2024 жылдың 22 шілдесінде Еңбекшіқазақ ауданының полициясына адам сүйектерінің табылғаны туралы хабарлама түсті. Ол бұған дейін Күш ауылында жоғалып кеткен бүлдіршінге тиесілі болып шықты, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі stan.kz сілтеме жасап.
Алматы облысы Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Аленов сот-медициналық және генетикалық сараптамалар тағайындалып, өткізіліп жатқанын хабарлады.
Еске салсақ, үш жасар Айя-София 17 наурызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында жоғалып кеткен еді. Оның үйден шығып кеткенін ешкім байқамай қалған. Баланың анасы оның жоғалғанын сол күні хабарлаған. Полицейлер, құтқарушылар, еріктілер, ауыл тұрғындары, тіпті әскерилер қызды іздеуге шыққан еді. Тіпті Күш ауылында көлдің суын бірнеше метрге ағызған.
Қазір күдіктілер қамауда. Полицейлер күдіктілерді ұстаған, бірақ олар кімнің күдікке ілінгенін хабарламады.