Қазақта он үште отау иесі деген сөз бар. Ерте кезде бір мүшелді толтырған баланы атастырып, қыз бала...
Заңгер Айгүл Орынбек әскерилердің жауынгерлік кезекшілікке демалыссыз шығып жүргенін айтты
Айгүл Орынбектің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды
Белгілі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек әскердегі заңсыздықтар жайлы жазба жариялады, деп жазды madeniportal.kz.
Оның айтуынша әскерлегі сыйбайлас жемқорлық пен заңсыз әрекеттерді шешуде Әскери Прокуратура құлықсыздық танытып отыр.
«Біз той тойлап, қонақ күткенді қатырамыз, бірақ өзіміздің азаматтардың жағдайын жасауға келгенде тарыламыз. Бейбіт уақытта үш жыл ішінде 270 сарбаз қайтыс болған. Бұған кім кінәлі? Әрине, «сыбайласқан жемқорлық»! Әскери бөлімдерді жайлаған сыбайлас жемқорлықты көп әскери қызметкер ашынып айтқысы келеді. Бірақ соңында өздері қудаланатынын біліп үндемейді. Қаншама қызметкер ақиқатын айтып, арыз жазып соңында өздері қудаланған. Бізде адам өліп жатса да жүйеге қарсы шығуға болмайды! Себебі жүйелі түрде мына елді жеп отырғандар көп! Бас Әскери Прокуратура! Әскери қызметкерлер “жауынгерлік кезекшілікке” демалыссыз түсетінін білесіңдер ме? Әскери қызметкерлерден әр сыйақыдан қолма қол ақшаларын жинап алатынын білесіңдер ме? Сарбаздардан ақша жинайтынын білесіңдер ме? Әрине, білесіңдер, арыз жазғандарды қудалап “ештеңе анықталмады” деп жылы жауып қоя саласыңдар! Кейде сендерге жемқорлықтың ашылғаны керек емес сияқты көрінеді. Еліміздің қауіпсіздігін қорғайтын қорғаныстан ақша «жемесеңдер» болады ғой, жемқорлар!», - деп жазды заңгер әлеуметтік желіде.
Сонымен қатар ол бүгінгі қоғам Мақпал Жүнісованың арақ ішкенін айтқанша, «бейбіт заманда сарбаздар неге өледі?» деген сұраққа жауап іздеу керегін еске салды.
«Қоғамнан талап күшейгенде мемлекет дамиды! Әншілердің ішкен-тышқанын, кімдермен жатқанын сөз қылатын халқы бар ел ешқашан дамымайды!», - деді ол.
Сондай-ақ жазба авторы жариялаған суретке қарағанда заңгерге әскери қызметші мәселесін айтып жүгінген секілді. Бірақ ол әзірге бұл жайлы ештеңе айтпаған.