Журналист Мұхтар Түменбай «Баха-Фестивальдің» арқасында аман қалғанын айтты

Ашық дереккөзден алынған

Қоғам
893

«Баха-Фестиваль» атымен танылған Бақыткелді Баясов тоқсаныншы жылдары өзгелерден қысым көрген болашақ журналист Мұхтар Түменбайды құтқарып қалған, деп хабарлады madeniportal.kz.

Биылғы 11 тамызда журналист әлеуметтік желіде Бақыткелді Баясов туралы жазба жариялады.

«Бүгінде жұмыстан айрылып қаламыз деп қорқатын болыппыз. Не деген әлжуаздық... Ал 90-жылдардың басында өмірден айрылып қалмаймыз ба дейтін едік. Сонда маған көмектескен Баха-Фестиваль еді. Оның азаматтығына әлі күнге бас иемін. «Мұхтар, ешкімнен қорықпай өз ісіңмен айналыс» деп еді сонда марқұм Баха. Мен неге Баха- Фестивальді дәл бүгін еске алдым? Биыл 54 жасқа толады екенмін. Туған күнім. Ал Баха болмаса мен 30 жасқа да жетпес едім. Кезінде шешен ағайындар мені өлтірмек болған кезде, Баха жігіттерімен жетіп келіп: «Бұл балаға тиіссеңдер бәрің осы жерде қаласыңдар» деп еді. Соның арқасында аман қалдым. Қалай еске алмаймын Бахытты. Өзі жастай кетті, ал мен әлі жүрмін. Соның арқасы!», ­ деді Мұхтар Түменбай.

Желі қолданушылары оның бұл оқиғасына қызығушылық танытты. Көп өтпей автор өзін өлімнен алып қалған азамат жайлы тағы да жазды.

«Менің Баха жөнінде тарқатып жазуымды өтінген достар баршылық. Қысқаша айтсам, ол жігітті жақсы білетінмін. Алғаш оның 30 жасында таныстық. Туған күнінде. Әдемі кеш болды. Сосын Навои көшесіндегі мешіттің іргетасын қалағанда барша жігіттерімен келді. Мен де болдым. Мешіттің түп қазығын шын пейілімен қалап еді. Сол кезде Құран оқығанын көрсеңдер.... Бәрі шын жүректен еді. Және оған өйт-бүйт деп ешкім әмір берген жоқ Кейін қапыда айырылып қалдық. Өзгелермен қарусыз келуге келіскен болатын бәрі. Соған сеніп қалды аңғалдықтан. Ал ол жалмауыз бетсіздер автоматтармен келіп бәрін қырып салды. Баханың жанындағы үш досымен қоса. Бірақ "ворлардың" сходкасында анау өлтірген төртеуін де жәй жіберген жоқ. Атып тастады. Өйткені біріншіден "коронованный вор в законе" адамға қол көтеруге ешкімнің хақы жоқ еді, екіншіден қарусыз кездесу болады деп келісілген болатын. Алдады. Бірақ өздері де жер құшты, иттер. Солай аңғалдықтан кетті Баха фестиваль», - делінген жазбада.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...