"Қазгидромет" РМК синоптиктері 18-20 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды m...
Мұғалімдерге берілетін гүл пара болып саналмас үшін қанша теңгеден аспауы қажет?
Фото: democrat.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мұғалімдерге берілетін гүлдер мен сыйлықтың қай уақытта пара болып есептелмейтінін түсіндірді, деп хабарлайды madeniportal.kz сайты informburo.kz порталына сілтеме жасап.
Антикордың мәліметінше, мұғалімдер ҚК-нің 366-бабы бойынша "Пара алу" бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартыла алмайды, өйткені олар мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген, не оларға теңестірілген, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға не лауазымды адамдарға жатпайды.
Десек те, Қылмыстық кодексте мұғалімдерге қолданылатын 247-бап ("Заңсыз сыйақы алу") бар.
"Егер мұғалім өзінің қызметтік өкілеттігіне байланысты қандай да бір іс-әрекеттерді сыйлаушының пайдасына жасамаса, 1 қыркүйекке оқушылардың, ұжымның, үшінші тұлғалардың мұғалімдерге сыйлықтар, оның ішінде гүл шоқтарын сыйға тартуына тыйым салынбайды. Сонымен қатар егер құны 5 АЕК-тен (18 460 теңге) асатын гүлдерді және сыйлықты сыйға тартылған адамның донордың пайдасына жасаған іс-әрекеттері арасында себеп-салдарлық байланыс орнатылса, онда мұндай сыйлықты, гүлдерді сыйға тарту ҚК-нің 247-бабы бойынша мұғалімнің қылмыстық жауапкершілігіне әкеп соғуы мүмкін", - делінген Антикордың Informburo.kz сұрауына берілген жауабында.