«Бұрын күнәсі көп адам әулиеге айналуы мүмкін»: Жанар Байсеміз елді шулатқан Ақгүл туралы айтты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
116

Журналист Жанар Байсеміз көріпкел Ақгүл Есетқызының өткен өмірін талқылап, әлеуметтік желіде сынап жүргендерге үндеу жасады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Журналистің айтуынша, ол көрермендерді Ақгүлдің бұрынғы өмірімен емес, қазіргі болмысымен таныстырған. Сондықтан оның өткенін қазбалап, жағымсыз ақпарат таратудың қажеті жоқ деп есептейді.

«Маған Ақгүлдің өткен шағы маңызды емес, мен сіздерді қазіргі Ақгүлмен таныстырдым. Әр адамның ішінде жарқын жағы да, қараңғы тұсы да болады. Сондықтан адамдардың бойынан жарық іздеп көрейік. Неге сонша агрессивті болып кеткенсіңдер, адамдар?!» – деді журналист.

Жанар Байсеміз адамның бұрынғы қателіктеріне қарап баға беру дұрыс емес екенін атап өтті.

«Адамды өткен шағында жасаған істерімен өлшеуге болмайды. Бұрын күнәсі көп болған кісі бір-ақ сәтте әулие сипатқа айналуы мүмкін. Ал әулие сипат сайтана айналуы мүмкін. Біз өмір бойы қалыптасамыз», – деді ол.

Сондай-ақ журналист Ақгүлдің айтқандарына сену немесе сенбеу әр адамның өз еркінде екенін жеткізіп, журналист ретінде түрлі көзқарас пен пікірге құрметпен қарайтынын мәлімдеді.

Шоу-бизнес

Актер, Дариға Бадықованың бұрынғы жұбайы Дархан Мұсаев бір жыл ішінде өмірінде болған өзгерістер мен...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының XIII саммитінде ұйымды институционалдық...