Адамның іс-қимылына байланысты тыйымдар

Рефераттар
747

Белді таянба. Жақын адамы қайтыс болған әйел ғана жоқтау айтып жылағанда белін таянатындықтан, жамандық шақырма деген мағынада тыйым салынған.

Тізені құшақтама. Тізені құшақтау — «ұрпақсыз қалдым» дегенді білдіретін жаман ырым.

Жақты таянба — Қайғы-қасіреттен әбден шаршаған адам ғана жағын демеу етіп таянады. Сондықтан да жақты таянуды жамандыққа жорыған.

Кірдің суын баспа. кірдің суында жын-шайтандар жүреді, оны басса, жын-шайтандар кесірін тигзуі мүмкін дегеннен шыққан.

Дәретханаға кіргенде сөйлеме. Дәретхана жын-шайтандардың жүретін жер болғандықтан, онда кіргенде сөйлеуге, күлуге, ыңылдап әндетуге тыйым салынған. Дәретханаға сол аяқпен кіріп, оң аяқпен шығу керек.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т

Жүктеп алу
609 рет жүктелген
15.29 кб файл салмағы