Дүниежүзі минералдық ресурстары мен кен орындары

Рефераттар
180

Мазмұны
Кіріспе        
1 Тарау. МИНЕРАЛДЫ-ШИКІЗАТ РЕСУРСТАРЫ    
1.1 Табиғи ресурстар
1.2 Минералды ресурстардың классификациясы
2 Тарау. ДҮНИЕЖҮЗІ МИНЕРАЛДЫҚ РЕСУРСТАРЫ    
2.1 Ресурстарға шаруашылық баға беру 
2.2 Кен байлықтары 
3 Тарау. ДҮНИЕЖҮЗІ ОТЫН-ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КЕШЕНІ    
3.1 Дүниежүзінің көмір өнеркәсібі
3.2. Дүниежүзінің мұнай, газ өңдеу өнеркәсібі 
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Табиғи ресустардың планета бойынша орналасуы біркелкі емес. Мұның өзі Жер шарындағы климаттық және тектоникалық процестердің айырмашылықтарына, өткен геологиялық дәуірлерде пайдалы қазбалар түзілу жағдайының әр түрлі болғанына байланысты. Табиғи ресустардың жекелеген түрлерінің қорлары да біркелкі деуге де болмайды. Осының нәтижесінде елдердің арасында ғана емес, қазіргі дүниенің ірі-ірі аймақтарының арасында да олардың  табиғи ресустармен қамтамасыз етілуінің деңгейі мен сипатында елеулі айырмашылықтар бар. Мысалы, Таяу Шығыс елдерінде мұнай мен газдың мол ресустары бар. Анд елдері мыс және полиметалл рудаларына бай, тропиктік ормандары көп мемлекеттерде бағалы ағаш сүрегі ресурстары мол.
Дүние жүзінде белгілі бір табиғи ресурссыз ел жоқ. Олар аз болған, ал кейбір елдерде мүлдем болмаған жағдайда бұл мемлекет кедейлікке душар болады деуге келмейді. Өйткені қай елдің болсын ұлттық байлығы оның материалдық игілікктері мен табиғи ресурстары  қорларының жиынтығымен ғана өлшенбейді, бұған қоса әр елдің адамдары, олардың тәжірибесі мен  еңбекқорлығы, білімдері мен шеберліктерінің пайдаланылу дәрежесі де ұлттық байлықты құрайды.
Минералды шикізат ресурстары әлемнің көптеген елдері үшін экономикалық өркендеу мен прогрестің қайнар көзі болды. Соңғы жылдары нақ осындай минералды шикізат ресурстарына арқа сүйеген және пайдалы қазбалардың ірі кен орындары ашылған елдер экономикалық дамуда елеулі табыстарға қол жеткізді. Олардың қатарына Канада, Қытай, Австралия, Чили, Малайзия, Бразилия және басқалары жатады.

Жүктеп алу
97 рет жүктелген
77.49 кб файл салмағы
Ұқсас рефераттар
Рефераттар
Нәзір Төреқұлов
Рефераттар
Халық валюта
Рефераттар
Жапырақ
Рефераттар
Франция мемлекеті