Санау жүйелерінің тарихы
835
Жоспар
Кіріспе
1. Санау жүйелерінің тарихы
2. Санау жүйесi.
Санау жүйесінің түрлері.
Бір санау жүйесінен екіншісіне өту жолы.
3. Информацияны өлшеу
Қорытынды
Кіріспе
Әр түрлі елдің адамдары әр түрле тілде сөйлегенмен, олардың есептеу тәсілдері бірдей болып келеді. (ұқсас түрде есептейді). Неге олай?
Біріншіден, бұл сауда-саттық істеріне байланысты, ертеде-ақ адамдар әр түрлі тауарлар сату-алу кезінде олардың санын есептеу мен жазуды бірдей етіп орындаудың ыңғайлы екенін, есептеуді жеңілдететінін байқаған. Бірақ ол бірден бұлай болып қалыптасқан жоқ!
Адамдар есептеу ісін жүргізген ерте кездерден бастап сандарды жазу керек екені белгілі болды. Заттардың санын, мыс.,малдар санын есептеуде бір қатты нәрсе, тас, ағаш, кептірілген балшық (әлі қағаз ойлап шығарылмаған кездерде) бетіне сызықшалар немесе таңбалар салу арқылы жүргізілді. Әрбір мал түріне арналған бір сызықша болды. Ғалымдар бұл тәсілді бірлікті санау жүйесі деп атады.
Ертеде біздің заманымыздан екі жарым мың жыл бұрын пайда болған египеттік санау жүйесінде 1,10,100,10000, т.с.с сандарды белгілеу үшін арнайы цифрлар комбинацияларын пайдалану кезінде олардың әрқайсысын тоғыз ретке дейін қайталай отырып, кез келген санды жазу мүмкіндігі пайда болды. Бұл тәсіл негізіне санның мәні оның жазылуындағы цифрлар қосындысына тең деген қарапайым қосу заңдылығы алынған еді.
Ал біздің заманға дейін екі мың жың қалғанда пайда болған басқа бір өркениетті кезеңдегі вавилон елінде цифрларды басқаша жазу қалыптасты.
Бұл санау жүйесінде тек екі цифр ғана: тік сына бірліктерді, ал көлденең сына - ондықтарды жазу үшін қолданылды. 60санын бейнелеу үшін қайтадан бірлікті белгілейтін сол көлденең сына жазылды, осы белгі 60-тың барлық дәрежелерін 3600= ,216000= жазу үшін де қолданылатын еді. Сондықтан вавилон санау жүйесі алпыстық жүйе деп аталады. Вавилондықтар 1-ден 59-ға дейінгі сандарды позициялық емес санау жүйесінде жазып, ал үлкен сандарды негізі 60 болып келетін позициялық санау жүйесінде жазатын еді.
Олар көбейту ешқашан есте сақтауға тырыспайтын, өйткені оны ықшамдап жазу мүмкін емес еді. Есептеулерде алдын ала дайындалған көбейту кестелері пайдаланылатын.
Вавилондық жүйе математика мен астрономияның дамуында елеулі орын қалдырды, оның белгілері біздің күндерге дейін жетті деуге болады. Мыс., біздің сағатты 60 минутқа, ал минутты 60 секундқа бөлуіміз‒ соның белгісі. Вавилондықтар сияқты біз шеңберді де 360 бөлікке (градустарға) бөліп қарастырамыз.