Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті

Madeniet Portaly

АЙМАҚТАР
363

14 қараша күні Жетісу ауданының комьюнити-орталығында «Таза Қазақстан» республикалық жобасы аясында «Қағаз boom» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті дамыту, қалдықтарды сұрыптау дағдыларын қалыптастыру және экосананы арттыру.


Акцияға аудан тұрғындары, жастар және студенттер белсенді қатысып, қажетсіз газет, журнал, картон және кеңсе қағаздарын тапсырды. Нәтижесінде шамамен 2 тоннаға жуық макулатура жиналып, арнайы қабылдау пунктіне жөнелтілді.

«Қоршаған ортаны қорғау – баршамызға ортақ жауапкершілік. Бүгінгі «Қағаз boom» акциясына тұрғындардың белсенді қатысуы олардың экологиялық мәдениетінің артып келе жатқанын көрсетеді. Біз алдағы уақытта да экологиялық бастамаларды дамытып, жастарды табиғатты аялауға баулуды жалғастырамыз», – деді Жетісу ауданы комьюнити орталығының жетекшісі Есен Абдихалық.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай экологиялық шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп, тұрғындарды табиғатты қорғау мәдениетіне кеңінен тартуға мүмкіндік береді.



ЖАҢАЛЫҚТАР

Колумбияда бортында 15 адам болған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, олардың арасында конгрессмен Дио...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте тағы бір әйел пышақ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Шымкент қалас...