23 қаңтарға арналған ауа райы болжамы қандай?

Фото: Жасанды интеллект

ЖАҢАЛЫҚТАР
1481

Бүгін -30 градусқа дейін салқын болады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

 

Астанада түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы -15-17 °C болса, түнде -28-30°C дейін барады

Алматыда аздаған қар жауады. Ауа температурасы күндіз -6°C дейін суыса, түнде -11°C дейін барады.

Шымкентте күн бұлтсыз. Ауа температурасы күндіз -5°C дейін суыса, түнде -11°C дейінгі шекте болады.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жолдарда қарлы қатқақ күтіледі. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 23 қаңтарда кей уақытта тұман, көктайғақ, жолдарда қарлы қатқақ күтіледі. Қонаевта 23 қаңтарда кей уақытта тұман, көктайғақ, жолдарда қарлы қатқақ күтіледі. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 7-9 °C, түнде -12-14 °C болады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз -15-17 °C, -25-27 °C.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз екпіні 15-20 м/с. Атырау қ: 23 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 0 -2 °C, түнде -5 -7 °C.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 23 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Ауа температурасы күндіз +3+5 °C, түнде 0,-2 °C.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең аздаған қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 23 қаңтарда түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ауа температурасы күндіз -15-17 °C, түнде 26-28 °C.

Ақтөбе облысында батысында, солтүстігінде түман күтіледі. Ауа температурасы күндіз -12-14 °C, түнде -20-22 °C.

Қызылорда облысының шығысында түнде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.  Ауа температурасы күндіз -10-12 °C, түнде -13-15 °C.

Солтүстік Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, шығысында, өңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 23 қаңтарда жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с. Ауа температурасы күндіз -16-18 °C, түнде -25-27 °C.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында түнде қар, күндіз аздаған қар күтіледі. Жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ: 23 қантарда түнде қар, күндіз аздаған қар күтіледі. Жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ауа температурасы күндіз -20-22 °C, түнде -25-27 °C.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 23 қаңтарда түнде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады түнде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз -20-22 °C, түнде -30-32 °C.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыста, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз -18-20 °C, түнде -25-27 °C.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, тұман, түнде таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 23 қаңтарда түнде және таңертең қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ауа температурасы күндіз -6-8 °C, түнде -13-15 °C.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қ.: 23 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.  Ауа температурасы күндіз -5-7 °C, түнде -12-14 °C.

Абай облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с. Семей қ.: 23 қаңтарда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз және түнде -27-29°C шегінде болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қар, тұман күтіледі. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 23 қаңтарда түннің бірінші жартысында қар, тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз -4-6 °C, түнде -16-18 °C.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында қатты қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, орталығында 15-20, Алакөл көлдері ауданында екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. Талдықорған қ.: 23 қантарда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз -10-12 °C, түнде -13-15 °C.

Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың шығысында қатты қар күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с. Өскемен қ.: 23 қаңтарда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз-26-28 °C, түнде -28-30 °C. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...