20 шілдеде Жаңа адамдардың Antitrash азаматтық науқаны жариялаған әшкерелеу нәтижесінде Тұран мен Ұл...
Қазақстанда аптап ыстық пен нөсер жауын қатар жүреді
Фото: Pixabay
110
Қазақстанда алдағы аптада ауа райы әркелкі болады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Солтүстік, шығыс және орталықтың кей өңірлерінде Атлант циклондарының әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Ал батыс пен оңтүстікте аптап ыстық сақталады.
- Абай облысы – күндіз +27…+35°C, түнде +16…+22°C. Кей жерлерде жаңбыр, найзағай.
- Ақмола облысы – +25…+31°C. Жаңбыр, найзағай, жел екпіні 20 м/с-қа дейін.
- Ақтөбе облысы – +33…+40°C. Жауын-шашынсыз, ыстық.
- Алматы облысы – +31…+37°C. Таулы аудандарда өткінші жаңбыр.
- Атырау облысы – +37…+42°C. Өте ыстық, құрғақ.
- Шығыс Қазақстан облысы – +24…+31°C. Нөсер жаңбыр мен найзағай.
- Жамбыл облысы – +35…+40°C. Құрғақ, кей жерде жел күшейеді.
- Жетісу облысы – +31…+37°C. Тау бөктерінде жаңбыр болуы мүмкін.
- Батыс Қазақстан облысы – +34…+38°C. Негізінен жауын-шашынсыз.
- Қарағанды облысы – +28…+34°C. Кей жерлерде жаңбыр, найзағай.
- Қостанай облысы – +24…+30°C. Мезгіл-мезгіл жаңбыр жауады.
- Қызылорда облысы – +39…+43°C. Өте ыстық, құрғақ.
- Маңғыстау облысы – +35…+39°C, кей аудандарда +43…+45°C. Аптап ыстық.
- Павлодар облысы – +26…+32°C. Жаңбыр мен найзағай болуы ықтимал.
- Солтүстік Қазақстан облысы – +23…+29°C. Күшті жаңбыр күтіледі.
- Түркістан облысы – +38…+42°C. Өте ыстық, жауын-шашынсыз.
- Ұлытау облысы – +31…+37°C. Негізінен құрғақ.
- Астана – +25…+30°C. Жаңбыр, найзағай, желдің екпіні 20 м/с-қа дейін.
- Алматы – +32…+36°C. Ыстық, кей күндері өткінші жаңбыр.
- Шымкент – +39…+42°C. Өте ыстық әрі құрғақ.