Қасиетті Рамазан айының бірінші күні 1 наурызға тура келеді, деп хабарлайды Madeniportal.kz.202...
Астанада травматология және ортопедияға арналған отандық медициналық бұйымдар өндірісі ресми түрде іске қосылды
Madeniet Portaly
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Астанада Травматология және ортопедия халықаралық ғылыми-өндірістік орталығы мен елордадағы Құрылыс-техникалық колледж арасында ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойылды. Құжат дуальды білім беру бағдарламасын іске қосуды және отандық медициналық бұйымдар шығаратын өндірістік алаңның ашылуын көздейді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz
Жаңа өндірістік алаң колледж базасында халықаралық орталықтың қолдауымен құрылды. Бұл студенттерге сұранысқа ие мамандықтарды игеруге, заманауи жабдықтарда — бағдарламамен басқарылатын лазерлік және дәнекерлеу станоктарында жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Олар осы жерде тәжірибеден өтіп, практикалық дағдыларын жетілдіріп, жалақы ала алады.
Орталықтың бас директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ерсен Жүнусовтың айтуынша, локализацияланған өндіріс құрылып, алғашқы үш түрлі өнім дайындалған. Олар техникалық сынақтардан және сертификаттаудан өтіп, бүгінде мемлекеттік тіркеу кезеңінде тұр.
«Келесі жылдың басынан бастап еліміздің барлық ауруханаларына өнім жеткізе бастаймыз. Болашақта ортопедиялық приставкалар, спицалық аппараттар, сыртқы фиксация құрылғылары, ал 2030 жылға қарай — накосталық пластиналар, сүйек ішілік штифтер және кортикальды бұрандалар шығаруды жоспарлап отырмыз», — деді Ерсен Жүнусов.
Құрылыс-техникалық колледж директоры Серік Малғелдинов бұл жобаның маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, ол сұранысқа ие отандық өнім шығаруға мүмкіндік беріп қана қоймай, мамандар даярлауды жаңа деңгейге көтереді.
«Мұнда халықаралық стандарттарға сай толыққанды дуальды білім беру жүйесі жұмыс істейтін болады», — деді ол.
Жаңа өндірістік алаңда жыл сайын травматология және ортопедия саласында қолданылатын 3–5 мың медициналық бұйым шығару жоспарланған.