Текеліде трактор қаққан 11 жастағы қыз көз жұмды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
371

Текелі қаласында жол жөндеу жұмыстарына тартылған трактор 11 жастағы қызды қағып кетті. Бала оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қайғылы оқиға 3 қарашада болған. Алдын ала мәлімет бойынша, трактор жолдан өтіп бара жатқан қызды қаққан.

Полиция оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғап, жүргізушіні уақытша ұстау изоляторына қамады.

Тергеу барысында жол қозғалысы ережелерінің, сондай-ақ жол жөндеу кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталуы тексеріледі.

Әлем

Сенегал жағалауында мигранттар мінген ағаш қайық аударылып, кемінде 39 адам көз жұмды. Бір адам аман...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Алматының шығарындылар деңгейі төмен аймағындағы газдандырылған ауданд...