Павлодар облыстық перинаталдық орталығында бір айдың ішінде екінші рет үшем дүниеге келді. 34 жастағ...
Марқұм Мадина Рашидқызының денесіне эксгумация жасалды
Фото: ЖИ
Жамбыл облысының Меркі ауданында қайтыс болған 19 жастағы Мадина Рашидқызының денесіне эксгумация жасалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Марқұмның жақындары алғашқы сараптаманың қорытындысына сенбейтінін айтып, қайта зерттеу жүргізуді сұраған.
Заңгер Инга Иманбайдың мәліметінше, эксгумация жәбірленуші тараптың өтініші бойынша жүргізілген. Іс аясында Алматыда қайталама комиссиялық сот-медициналық сараптама тағайындалған. Рәсімге полиция қызметкерлері мен тиісті мамандар қатысқан.
Мадинаның өліміне қатысты мәселені көтеріп жүрген журналист әрі блогер Жан Ахмадиев те эксгумация жасалғанын хабарлап, марқұмның отбасына қолдау білдірді.
“Бүгін Мадина қарындасымызға эксгумация жасалды. Бұл — оның отбасы үшін ғана емес, қайғысына ортақтасқан барша қазақ елі үшін ауыр күн… Жақындарына бұл сәттің қаншалықты қиын екенін түсінеміз. Қайғыларына ортақтасып, сабыр мен күш тілейміз”, – деп жазды ол.