Аттап өту де мүмкін емес: Алматы метросының кіреберісі суға толды

Фото: әлеуметтік желіден

АЙМАҚТАР
99

Алматыда метроның кіреберісі суға толып, адамдарға аттап өту де, айналып өту де қиындық туғызуда, деп хабарлайды MadenipPortal.kz. 

Метро арқылы жүруге талпынған тұрғындар желіде өз видеоларын жариялап жатыр. Соның бірінде «Алатау» бекетіне кіретін жолдың суға толғанын көруге болады. Судың көлемі баспалдақтың жоғарғы сатысына дейін жеткен. 

Метрополитен мәліметінше, бұған қалалық су бұру жүйесінің шамадан тыс толып кетуі себеп болған. Қазіргі уақытта жиналған суды сору жұмыстары жүріп жатыр. 

Ал әкімдік қалада 23 мм, Медеу ауданында 26 мм, Каменск үстіртінде 36 мм жауын-шашын түскенін мәлімдеді. 

Қазір коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Синоптиктердің болжамынша, тағы 10 мм-ге дейін жауын-шашын түсуі мүмкін.

Айта кетейік, 12-14 қараша аралығында Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы ықтимал екенін жазған болатынбыз. Дегенмен, оңтүстікте түнде -1...-8 градусқа дейін суытады, күндіз ауа +5...+12 градусқа дейін жылынады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда халықаралық автомобиль тасымалында қағаз жүкқұжаттардың орнына электрондық құжаттарды қо...

АЙМАҚТАР

Қазақстанда алдағы үш күнде кей аймақтарда күн күрт суытады деп күтіледі. Елдің солтүстігінде, орт...