«Қазгидромет» 19 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды MADENIPORT...
Бүгін бірнеше өңірде аяз бен дауылды ескерту жарияланды
Фото: Pixabay
Қазақстанның бірнеше өңірінде 28 ақпанда қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жетісу облысының шығысында, орталығында және таулы аудандарында қар жауады, түнде кей жерлерде қалың қар күтіледі. Облыстың шығысы мен таулы аймақтарында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында да қар жауып, түнде қалың қар түсуі ықтимал. Жаяу бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Таразда 28 ақпанда тұман түсіп, көктайғақ қалыптасады.
Абай облысының солтүстігінде күндіз аздап қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең оңтүстігінде тұман күтіледі. Аягөз ауданында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде аздап қар жауып, бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың солтүстігінде түнде ауа температурасы -41 градусқа дейін төмендейді.
Қызылорда облысында көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыс орталығында 15-20 м/с құрайды. Қызылорда қаласында да 28 ақпанда көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.
Қарағанды облысының солтүстік-шығысында түнде ауа температурасы -35 градусқа дейін төмендейді.
Түркістан облысының батысы, оңтүстігі және таулы аудандарында түнде жауын-шашын жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Шымкент пен Түркістан қалаларында түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, тұман байқалады. Желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Маңғыстау облысының батысы мен орталығында күндіз көктайғақ күтіледі, түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақтауда күннің екінші жартысында көктайғақ болып, желдің екпіні 15-18 м/с болады.
Қостанай облысының батысы мен оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында түнде қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетуі мүмкін. Алматыда 28 ақпанда түнде қар жауып, тұман мен көктайғақ болады. Желдің екпіні 15 м/с. Қонаевта түнде және таңертең қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ қалыптасады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Синоптиктер тұрғындарға жол қозғалысында сақ болуды, алыс сапарды шектеуді және ауа райы болжамын қадағалап отыруды ұсынады.