Атырауда бір көшеде 30 жаяу жүргіншілер жолағы орнатылған

Фото: видео скриншот

АЙМАҚТАР
2653

Атырау облысында бір көшеде 30 жаяу жүргіншілер жолағы орнатылған, деп хабарлайды madeniportal.kz

Тұрғындардың айтуынша, белгі тұрғанымен, көлік жүргізушілері оны елеп жатқан жоқ екен. 

"Мемлекеттік сараптамадан шыққан құжаттамаға сәйкес мердігер мекеме жобаны жасақтап жатыр. Жоба бойынша әр белгі көрініп тұр. Белгі салынбауы керек дегеннің өзінде ол жобада тұрған нәрсе. Жоба әлі қабылданбаған. Қабылданған күні әр белгіні қабылдап аламыз. Сондықтан мердігер мекеменікі дұрыс. Жобада тұрса, салынуы керек. Бәрі біткен соң жолдағы жолақтар сызылады. Артынша біз жобаны қабылдап аламыз", - дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімінің бас маманы Қуанышбек Қабдығали. 

Жоба 2018 жылы жасақталған. Алайда ол әлі күнге дейін жасалып жатқан көрінеді.

PESTEL

Угандада мектеп оқушыларын алып бара жатқан автобус жол апатына ұшырап, кемінде 21 адам, оның ішінде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Продюсер Баян Мақсатқызы осыдан екі жарым ай бұрын берген уәдесінде тұрып, Қазақстан халық әртісі Ме...