Демалыс күндері 37 градусқа дейін аяз болады

Фото: Pixabay

АЙМАҚТАР
1126

Еліміздің басым бөлігінде циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашынды болады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Солтүстік және шығыс өңірлерде қалың қар түседі. Оңтүстік облыстарда жаңбыр жауады.

Сондай-ақ екпінді жел күшейіп, боран соғып, көктайғақ болып, тұман басады.

Циклоннан кейін Батыс Сібір жазығы аудандарынан антициклон батыс өңірлерге ығысады.

Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді.

Түнгі уақытта батыс облыстарда ауа температурасы 10–22 градус аязға дейін, солтүстік облыстарда 17–25 градус аязға дейін, ал оңтүстік облыстарда 0–8 градус аязға дейін төмендейді.

23 ақпаннан бастап солтүстік-батыста, 24 ақпаннан бастап солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасының күрт төмендеуі болжанады. Кей жерлерде 25–37 градусқа дейін аяз күтіледі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада бірнеше күн бойы іздестірілген 65 жастағы тұрғынның мәйіті табылды, деп хабарлайды Maden...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысының Меркі ауданында қайтыс болған 19 жастағы Мадина Рашидқызының денесіне эксгумация жа...