Еліміздің шығысында қар көшкіні басталуы мүмкін

Фото: Pixabay.com

АЙМАҚТАР
1206

Шығыс Қазақстан облысында таулы жерлердің қар көшкіні жүру қаупі бар кезең басталғалы тұр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, өңір бойынша 325 учаскеде қар көшкіні жүруі мүмкін.

Сол учаскелердің бойында 93 шақырым жол мен түрлі ғимараттар орналасқан. Егер көшкін жүрсе тұрғындардың өміріне қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан "112" қызметінен ескертулер жасалса, қауіп-қатерден аулақ болыңыздар және қар көшкіні қаупі бар жолдармен жүрмеңіздер, – деп ескертті құтқарушылар. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда құрамында алкоголь болуы мүмкін белгісіз сұйықтықтан уланған үш ер адамның барлығы қайты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада жол қозғалысы ережелері мен қоғамдық тәртіпті бұзған екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікк...