Қала күні қарсаңында: Алматының тазалығына үлес қосқан көрінбейтін батырлар
Алматының тазалығына үлес қосқан көрінбейтін батырлардың қызметі үлкен еңбектің нәтижесі, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Көкпен астасқан асқақ таулар, ерекше сәулет, жайқалған жасыл желек пен көркем көшелер. Алматы бір көрген жанды баурамай қоймайды. Миллиондаған тұрғыны бар алып шаһарда өмір қайнап жатыр. Қаланың көше қозғалысы бір сәтке де толастамайды.
Осындай үлкен әрі қарбалас қалада тазалық пен тәртіпті сақтау оңай шаруа емес. Иә, тазалық ең алдымен әр адамның өзінен басталады. Бірақ біз күн сайын таза көшеде еркін жүріп, қоқыссыз аулалар мен жарқыраған алаңдарды тамашалап жүргеніміз — тынымсыз еңбек етіп жүрген қарапайым жұмысшылардың арқасы екенін ұмытып жатамыз.
Сол себепті Aqshamnews.kz редакциясы қала күні қарсаңында көбіне еңбектері тасада қалып қоятын жандардың жұмысын фото және ақпараттық материалдар арқылы насихаттауды жөн көрді.
Таңмен бірге оянатын тіршілік
Қаланың әр бұрышында таңғы салқынмен жұмысқа кірісетін тазалық сақшылары бар. Олар қоқыс жинап, гүлдерді суарып, жол жиектерін тазалап, ағаштарды кесіп, жапырақтарды сыпырады. Қолдарындағы құрал-сайманымен қаруланған бұл жандар — қаланың көрінбейтін батырлары.
Қызғылт-сары арнайы киім киген тазалық қызметкерлерінің еңбегі көзге көп түсе бермейді. Алайда қаланың санитарлық жағдайы мен сұлулығы тікелей осы жандардың жұмысына байланысты. Көпшілік байқай бермейтін жапырақтың, қоқыстың артында да маңдай тер мен жауапкершілік жатыр.
Тәулік бойы тоқтамайтын жұмыс
Қалада тазалық жұмыстары тәулік бойыатқарылады. "Алматы Тазалық" мекемесініңжұмысшылары екі ауысымда еңбек етеді:
Әр аумаққа жауапты 20–25 адамнан құралған бригада жұмыс істейді. Бірі сыпырса, екіншісі арнайы техникамен тротуарларды жуады, үшіншісі ағаш бұтақтарын кесіп, жасыл желекті ретке келтіреді.
Бір аумақта шамамен 20-25 адам жұмыс істейді. Олардың бірі көше сыпырса, бірі арнайы техникамен жаяу жүргіншілер жолын жуады.
Бесаспап маман — Алтай Еспенбетов
Алтай Еспенбетов 2010 жылдан бері «Алматы Тазалықта» жұмыс істейді. Ағаш кесу, гүл суару, жапырақ жинау сияқты маусымдық жұмыстардың бәрін бірдей атқара беретін бесаспап маман. Ол үшін бұл — жай ғана жұмыс емес, қалаға деген жанашырлықтың көрінісі.