Қарағанды облысында Audi көлігінен ерекше «жолаушы» анықталды

Сурет: ІІМ

АЙМАҚТАР
2302

Қарағанды облысында жеңіл көліктің салонына жылқыны тиеп алған жүргізуші анықталды, деп хабарлайды madeniportal.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысы Нұра ауданында патрульдік полиция қызметкерлері 11 желтоқсанда Нұра — Теміртау республикалық автожолында Audi көлігін тоқтатты. Тексеру барысында көлікте жылқы болған.

"Көлік жүргізушісі, Бұқар Жырау ауданының тұрғыны, жылқының өзінікі екенін дәлелдейтін және оны тасымалдауға қатысты ешқандай құжат ұсына алмады. Жүк пен багажды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары ветеринариялық инспекцияға жолданды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жылқының нақты иесін анықтап, жануардың ұрланған-ұрланбағанын тексеріп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Еврей автономиялық облысында шағын автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам көз жұмды, деп х...