Қазгидромет еліміздің бірнеше өңірінде қар жауып, үсік жүретінін хабарлады

ашық дереккөзден алынған

АЙМАҚТАР
421
"Қазгидромет" 2025 жылғы 5 қазанға арналған еліміз бойынша жалпы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Болжам бойынша, жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республиканың солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауады.

Ел аумағында жел күшейіп, тұман түседі. Оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл, ал шығыста көктайғақ болуы мүмкін.

Батыста, солтүстікте, Жамбыл облысының таулы аймақтарында, Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ Жетісу облысының солтүстігі мен орталығында 1-3 градус үсік болады.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Маңғыстау және Қостанай облыстарының жекелеген өңірлерінде өрт қаупі жоғары болады деп болжанады.

Қызылорда, Түркістан, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы және Ұлытау облыстарының кей аймақтарында өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмек көрсетуге ұмтылып жүріп ауыр жаралан...