Түркістан облысында шипажайда өрт шықты

Сурет ашық дереккөзден алынды

АЙМАҚТАР
2246

Түркістан облысында ТЖМ қызметкерлері шипажайда шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Министрлік мәлімдеуінше, Сарыағаш ауданы Көктерек ауылында шипажайдың үшқабатты ғимаратының 1-қабатындағы моншаның қаптамасы жанған.

ТЖМ күшімен өрт 6 шаршы метр алаңда сөндірілді. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 22 адам өз бетінше далаға шықты, деп жазылған ресми хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда құрамында алкоголь болуы мүмкін белгісіз сұйықтықтан уланған үш ер адамның барлығы қайты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада жол қозғалысы ережелері мен қоғамдық тәртіпті бұзған екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікк...