Ұлытау облысының жас ақындарымен кездесу

ЖАҢАЛЫҚТАР
3306

Ұлытау облысында талантты жастарды анықтау бойынша жұмыстың түрлі бағыттары қарастырылуда. Осыған орай Жезқазған қаласында өңірдің жас ақындарымен кездесу өтті. 

Кездесуге Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ғ.Құсманғали, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, дарынды жастар қатысты. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жас ақындар жиналғандарға өз өлеңдерін оқыды. 

Сонымен қатар, кездесу барысында бірқатар өзекті мәселе талқыланды, оның ішінде балалар мен жастарды кітап оқуға тарту, мәдени – адамгершілік құндылықтарды сіңіру, жас ақындар мен жалпы шығармашыл жастарды қолдау. 

Кездесу қорытындысы бойынша шығармашылықпен айналысқысы келетін өңіріміздің жас таланттары үшін жағдай мен мүмкіндіктер жасау бағыты бойынша жоспарлар белгіленді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...