Облыстық маңызы бар: Түркістан облысында көпірдің құлаған сәтінің видеосы тарады

Фото: видеодан скриншот

АЙМАҚТАР
1183

Түркістан облысында Келес өзені арқылы өтетін облыстық маңызы бар КХ-20 автожолындағы көпір құлады. Оқиғаның видеосы әлеуеттік желіде жарияланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған жағдайға байланысты алдын ала қауіп белгілері анықталып, көпір арқылы көлік қозғалысы толық тоқтатылды. Соның арқасында адам шығыны мен материалдық залалға жол берілген жоқ.

«Оқиға болған сәттен бастап Келес ауданы әкімдігі тарапынан тиісті қызметтер шұғыл түрде жұмылдырылды. Қазіргі таңда төтенше жағдайлар қызметі, полиция және жергілікті атқарушы орган өкілдері оқиға орнында жұмыс жүргізіп жатыр», - деп жазылған хабарламада.

Алдағы уақытта аталған көпірді қалпына келтіру және көлік қатынасын қайта жолға қою мақсатында шұғыл ретке келтіру бойынша кешенді шаралар қабылданады.

«Сонымен қатар тұрғындардың қауіпсіз әрі үздіксіз қатынауын қамтамасыз ету үшін уақытша балама жолдар пайдаланылып жатыр», - дейді әкімдік қызметкерлері.

Жағдайға байланысты барлық қажетті шара кезең-кезеңімен атқарылады. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде екі 13 жастағы сыныптас арасында жанжал шығып, оқушылардың бірі екіншісіне 15 рет пышақ сұққ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Адвокат Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасында түнгі уақытта көмек сұрап келген үш баланың...